Семейде 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 257,5 млрд. теңге қаржы жұмсалмақ.

09:40, 7 шілде 2016

Осының шеңберінде бірінші тоқсанда «Электр желілері бағандарын жасау» жобасы жүзеге асса, екінші жартыжылдықта №1 Семей ағаш өңдеу зауытының құрылысы басталмақ. Жалпы жыл басынан бері өңірімізде 11 млн. теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Өскеменде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған брифингте айтты. Журналистермен кездесуде тағы қандай мәселелердің көтерілгендігі жайында өскемендік тілшілеріміз баяндайды.

Тілші: 300 жылдық тарихы бар Семейде тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары қарқын алған. Көне шаһардың солтүстік бөлігінде алдағы бірнеше жылдың ішінде көпқабатты үйлерге толы «Қарағайлы» ықшам ауданы пайда болады. Қазір жобасы дайын. Жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл мақсаттағы жұмыстарға жеке инвесторлардың қосып отырған үлесі аз емес.

СНХ:ЕРМАК СӘЛІМОВ - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ 

003_0033_01; 00:30 Надо сказать, есть жилье, которое сегодня реализуется за счет частных инвестиций....

/АУДАРМА/ Баспана салуда жеке азаматтардың салған инвестициялары тұрғызылып жатқан пәтерлердің бар екенін де айта кеткен жөн. Семей қаласында қазіргі уақытта өте сапалы әрі жақсы үйлер салынуда. Жылдың соңына дейін 87 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Арнайы орындары белгіленіп, іргетасы құйылып қойған үйлер бар. Мен осы басталған баспаналарды уақытылы аяқтасақ, алға қойған мақсатымызды орындаймыз – деп, ойлаймын.

Тілші: Ал балабақша кезегінде тұрған бүлдіршіндер үшін де ғимараттар салынуда. Мектеп жасына дейінгілерді толық балабақшамен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар атқарылған. Өткен жылы қаладағы барлық балалардың 95 пайызы қамтамасыз етілді. Биыл бұл цифрдың өсетіні сөзсіз. Яғни, үйде отырған бөбектердің көбі балабақшаларға барып, ата-аналарының арманы орындалмақ.

СНХ: ЕРМАК СӘЛІМОВ - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ 

003_0033_01; 01:08 Мы очень активно в прошлом году занимались... /АУДАРМА/ Біз өткен жылы жеке балабақшаларды салуда белсенді түрде жұмыс істедік. Биыл да сол қалпымыздан танбай, жоспарымызды орындаймыз.

Тілші: Семейдегі тағы бір мәселе - жұмыссыздықты жою. Қала тұрғындарының 30 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандар. Алайда, еңбек етуші 12 мың адамның жалақыларынан зейнетақы қорлары мен мемлекетке салық ретінде ақшалары арнайы аударылмайды. Бұл алдағы уақытта еліміздегі денсаулық саласына енгізілетін жаңа реформа – халықтың денсаулығын жақсартуға арналған медициналық сақтандыруға кедергісін келтіреді. Бұл кемшілікті жою үшін елдің әлеуметтік мәселелерін шешетін мамандар мен кәсіпкерлер арасында бірлескен жоба да жүзеге асуда. Оған жыл соңына дейін несие аламын деп тапсырыс беруші 34 азаматқа 80 млн теңгеден астам қаржы берілмек.

Тақырып бойынша материалдар

Семей аумағына кіре беріс дала өртке оранды.
12:08, 23 тамыз 2017
Семей аумағына кіре беріс дала өртке оранды.
Толығырақ...
2 жоғалып кеткен семейлік азамат аман-есен табылды
12:07, 23 тамыз 2017
2 жоғалып кеткен семейлік азамат аман-есен табылды
Толығырақ...
Қаланың жолаушы көлігін 40 пайызға дейін жаңарту көзделген.
11:41, 22 тамыз 2017
Қаланың жолаушы көлігін 40 пайызға дейін жаңарту көзделген.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Семейде ұн-құрама жем комбинатында өрт шықты
11:38, 21 тамыз 2017
Семейде ұн-құрама жем комбинатында өрт шықты
Толығырақ...
Қаланы абаттандыруға бағытталған шаралар алдағы айдың соңғы жексенбісіне белгіленген қала күні қарсаңында аяқталады.
11:24, 18 тамыз 2017
Қаланы абаттандыруға бағытталған шаралар алдағы айдың соңғы...
Толығырақ...
Семейде жұмысшылар мен қызмет көрсету саласының мамандарына сұраныс әлі де жоғары.
11:22, 18 тамыз 2017
Семейде жұмысшылар мен қызмет көрсету саласының мамандарына...
Толығырақ...