«Шығысэнерготрейд» энергия таратушы компаниясы ағымдағы жылдың бірінші шілдесінде табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментіне тамыз айының 15-нен бастап электрэнергиясының бағасын 9,95 пайызға көтеретіндіктерін хабарлаға

09:43, 13 шілде 2016

Осыған орай Семей қаласында кезекті төртінші қоғамдық тыңдау өтіп, оған қатысушылар энергетиктердің электр энергиясы тарифін көтеруге негіз болатын уәждерін тыңдады. Басқосуға «Шығысэнерготрейд» мекемесінің жетекшілері, табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департамент өкілдері мен қала тұрғындарының белсенді өкілдері қатысты

«Шығысэнерготрейд» мекемесінің өкілдері электр энергиясының құнын көтеруге  оны өндірушілеріден сатып алатын шығынның өсуі, тұтынушыларға тарату  тарифінің  «КЕГОК» және «ВК РЭК» акционерлік қоғамы желілері арқылы  жоғарылауы себеп болып отыр деген түсініктеме берді. Бағаны көтермек әрекеттерін энергетиктер сондай-ақ, жабдықтау шығындарының өсуі, әрі өткен жылы теңгермелі тарифпен жұмыс істегендерімен байланыстырды. Жағдайды электр энергиясын өндіруші компаниялар алдындағы «Шығысэнерготрейдтің»   500 миллион теңге көлемінде берешегі  асқындырып отыр. Мекеме өкілдерінің айтуынша, ұсынылып отырған жаңа тариф тек бір жыл бойы ғана қолданылмақ.

МСТИСЛАВ МАРТЕМЬЯНОВ «ШЫҒЫСЭНЕРГОТРЕЙД» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӨНДІРІС БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ  

«Бұл тапсырыс 2016-жылдың тамызынан 2017-жылдың тамызына дейін жарамды. Энергия таратушы және энергия өндіруші мекемелерде енгізіліп, 2017-жылдан бастап пайдаланылатын барлық өзгерістерді ескердік».

Энергетиктердің айтуынша, электр энергиясын тарату бойынша шығындар 2016-жылдың тамызы мен 2017-жылдың тамызы аралығында 2,4 пайызға артпақ. Бұған қоса энергия таратушы комапания инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 117 млн теңге қаржы жұмсауды көздеп отыр.

НАТАЛЬЯ ПЕТРОВА ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯНЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

«Аталған инвестициялық жоба аясында комиссиясыз төлем қабылдайтын автоматтандырылған кассаларды сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, компьютерлік және өзге де қажетті техникаларды сатып алу көзделген. Және бағадарламалық-аппараттық кешенді жаңғырту бойынша ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылмақ».

Аталған инвестициялық жоба аясында Семейдің түрлі аудандарында комиссиясыз төлем қабылдайтын шамамен 30 терминал орнату жоспарланған. Қоғамдық тыңдау барысында тұрғындар тарифтің өсуіне қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

НИКОЛАЙ ИСАЕВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

«Бізге нақты түсіндіру қажет. Қажетті терминалдарды алдық делік. Одан қандай пайда бар? Ал кассирлер саны қысқарған емес, жұмысшылар саны артуда. Компанияның бас ғимараты да сол қалпында деген секілді. Терминалдар болса қызметкерлер саны азаяды деген сынды нақты жауаптар керек бізге».

Басқосу барысында табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департамент өкілдері барлық ұсыныс-пікірлер ескерусіз қалмайтындығын жеткізді. Тарифке қатысты соңғы шешім 30-шілдеде қабылданады.

 

ДС, СС, ЕЖ, ЕМ СЖҚ 

Тақырып бойынша материалдар

Семей аумағына кіре беріс дала өртке оранды.
12:08, 23 тамыз 2017
Семей аумағына кіре беріс дала өртке оранды.
Толығырақ...
2 жоғалып кеткен семейлік азамат аман-есен табылды
12:07, 23 тамыз 2017
2 жоғалып кеткен семейлік азамат аман-есен табылды
Толығырақ...
Қаланың жолаушы көлігін 40 пайызға дейін жаңарту көзделген.
11:41, 22 тамыз 2017
Қаланың жолаушы көлігін 40 пайызға дейін жаңарту көзделген.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Семейде ұн-құрама жем комбинатында өрт шықты
11:38, 21 тамыз 2017
Семейде ұн-құрама жем комбинатында өрт шықты
Толығырақ...
Қаланы абаттандыруға бағытталған шаралар алдағы айдың соңғы жексенбісіне белгіленген қала күні қарсаңында аяқталады.
11:24, 18 тамыз 2017
Қаланы абаттандыруға бағытталған шаралар алдағы айдың соңғы...
Толығырақ...
Семейде жұмысшылар мен қызмет көрсету саласының мамандарына сұраныс әлі де жоғары.
11:22, 18 тамыз 2017
Семейде жұмысшылар мен қызмет көрсету саласының мамандарына...
Толығырақ...